Көкшетауда екінші сынып оқушысы кәріз құдығына құлап кетті

Көкшетау маңындағы мектептің жанында жеті жасар оқушы қараусыз қалған кәріз құдығына құлап кетті. Көкшетаудағы жедел құтқару қызметкерлері кәріз құдығына түсіп кеткен жеті жастағы мектеп оқушысын құтқарып қалды.

Бұл туралы  төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Оқиға өткен жұмада Көкшетау маңындағы Красный Яр ауылында болды. №2 орта мектептің екінші сынып оқушысы мектеп жанында орналасқан канализация қақпасына түсіп кетті.

Баланы құтқарушылар құтқарып алды. Оқушы ешқандай дене жарақатын алған жоқ. Сондықтан оны ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Бала құдықтан құтқарылғаннан кейін, бірден мектебіне кетті.

Қалалық ТЖҚ -і кәріз құдығына  меншік иелері мен коммуналдық компаниялар жауапты екенін еске салды. Алайда, оқушы құлап кеткен кәріздің кімнің меншігінде екені анықталмады.

 Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 16 жастағы оқушы хат жазып қалдырып, асылып қалған 

Балқаш маңында 7,5 тонна дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті (видео) 

Алматыда автокөлік «Целинный» кинотеатрына соғылды (фото) 

Жүргізуші жолда тайып құлап қалған әйелді әдейі қағып өтті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар