Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда досын өлтіріп, елден қашып кеткен ер адам сотталды

Кісі өліміне қатысы бар күдікті Ресей-Украина шекарасында ұсталған.

Көкшетау тұрғыны досын өлтіргені үшін ұзақ жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik.

Тергеу деректеріне сүйенсек, 30 жастағы Александр Безруков 26 жастағы Николай Кулаковскийдің ақшасы барын біліп, 19 маусымда түнгі клубтан соң үйіне шақырады. Үйінде мас Безруков досының басы мен денесін ауыр затпен ұрып, кейін пышақтайды. Николай сол жерде көз жұмған. Кейін Безруков оның пәтеріне барып ірі көлемде қаражатын алып кетеді.

Туған-туыстары полицияға барып Кулаковскийдің жоғалып кеткені туралы арыз берген. Оның денесі 30 маусымда Қылшақты өзенінде табылды.

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, Көкшетау тұрғынына іздеу жарияланған.

Безруков Ресей мен Украина шекарасында Донецкте ұсталды. Сөйтіп Көкшетауға жөнелтілді.

Алқабилер соты 30 жастағы Александр Безруковты кісі өлтіріп, ақша ұрлағаны үшін айыпты деп танып, жиырма жылға соттады және мүлкін тәркіледі. Сонымен қатар қаза тапқан жігіттің отбасына материалдық және моральдық шығын төлеуі тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы қаншаға өсуі мүмкін

Оқулықтағы «зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзі бар ән мәтіні жұртты күлдіртті

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Талқылау