Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда досымен ұрысып қалған әйел өзін өртеп жіберді

Көкшетауда досымен ұрысып қалған әйел белгісіз қоспаны денесіне құйып, өзін өртеп жіберген. Қазір ол ауруханада жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының құқық қорғау органдары мәлімдеді, – деп Қазақстан жаңалықтары хабаралайды.

ede23f2f-9cbe-4b35-a9b7-faeef40133e6

Сурет: newstop.kz 

Оқиға 2 наурыз күні Шучинск қаласында болған. Мәліметтерге сәйкес, әйел досымен бірге ішімдік ішккен. Алайда, екеуі ұрысып қалқан соң досы кетіп қалған. Ал, әйел өзін өртеп жіберген.

«Тұрғын үйдің бірінде өрт болып, жедел жәрдем қызметкерлері әйелді Бурабай ауруханасына жеткізген. 1967 жылы туылған әйел І, ІІ дәрежелі күйікпен жансақтау бөліміне жатқызылды», – дейді агенттік өкілі.

Оқиға әлі де анықалып жатыр. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпып, өрт сөндіру қызметкерлеінің көмегімен тоқтатылған.

Талқылау