Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда дәрігерлер қауіпті синдроммен ауруханаға түскен сәбиді құтқарып қалды

Денесінің 60% зақымданған қыз сегіз күн бойын жансақтау бөлімінде жатты. Лалейла синдромына шалдыққан бір жасар қыз Ақмола облысындағы ауруханадан жазылып шықты.

Фото: Sputnik Қазақстан

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Айша Мұқашеваның денесінің 60 пайызын Лалейла синдромы басқан. Қыздың ата-анасы алғашында баланың қабынуы бар деп ойлаған. Өйткені, қыздың көзі, мойны және кеудесінде қызыл бөртпе пайда болған. Бірақ келесі күні Айшаның бүкіл денесі қызарып кеткен.

«Лалейла синдромы – бұл терінің уытты эпидермальды некролизі. Ауру көбінесе антибактериалды, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер, дәрумендер, сондай-ақ бояғыштар қосылған сұйықтықты қолданғаннан туындауы мүмкін. Сондай-ақ, синдром тағамдық қоспаларды пайдаланғаннан да туындайды. Бұл синдромға ересектер және аллергиясы балалар шалдығады», – дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Иванова.

Айша жансақтау бөлімінде сегіз күн жатты. Содан кейін ол ерте жастағы бөлімге ауыстырылып, жақында ауруханадан шығарылды.

Елена Иванованың айтынша, жылына екі-үш бала Лалейла синдромымен аурухана түсіп жатады екен.

Ауру тез және агрессивті түрде жүреді. Науқастардың денесі  екінші дәрежелі күйікке ұқсап кетеді. Тіпті, денесіне қол тиіп кетсе, тері түсіп кетеді екен.

«Ауру кезінде бүкіл ағзаның жұмысы бұзылады. Қан ұйып, ауырсыну синдромы байқала бастады. Балалар мазасызданып, есінен танып, тіпті комға түсіп қалуы мүмкін. Лалейла синдромы сирек кездесетін ауру. Бірақ соңғы жылдары бұл ауру жиі кездесіп жүр », – дейді Елена Иванова.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, бұл қоршаған ортаның нашарлауына байланысты. Сондай-ақ ауру неше түрлі бояғыштар, тұрақтандырғыштар, қоспасы көп өнімдерді тұтынғаннан пайда болады.

Жіберіп алмаңыз:

Гепатиттен қайтыс болған қыздың анасы: жедел жәрдемге ақы төленді 

Алматыда жылусыз қалған үйді су басты 

ВИЧ жұқтырған әйел дәрігерлердің кесірінен ХҚКО-ға кіре алмай жүр 

ШҚО-да сары аурудың таралуына байланысты бас дәрігер қызметінен босатылды 

 

Талқылау