Көкшетауда букмекерлік кеңсенің кассирі 3,6 млн теңгені ойынға тігіп ұтылып қалды

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 17:12

Көкшетауда букмекерлік кеңседе компанияға тиесілі 3,6 млн теңге қаражатты ойынға тіккен кассир барлық ақшадан ұтылып қалған. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаменті хабарлайды.

8553582

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 17 шілде күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына букмекерлік кеңсе директорынан шағым түскен. Онда кассирдің кеңсе қаражатын жұмсап тастағаны айтылады.

“Полиция 30 жастағы кассир-оператордың сағат 20.00-де жұмысқа келгенін анықтады. Шамамен 21.00-де қыз спорттық ойынға 100 мың теңге қойып, ұтылып қалады. Ұтылыс ақшаны қайтару үшін ол қайтадан бәс тігуге кіріскен. Бірақ, келесі жолы да сәтсіздікке ұшырайды. Құмар ойынға елітіп кеткен қызметкер 15 рет бәс тігіп, барлық тігістерін де 3 миллион 600 мың теңгені құртқан”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 195 бабы 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Күдікті – екі кішкентай баланың анасы. Ол кеңседе үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан. Кеңсе иесіне ақшадан ұтылып қалғаны туралы әйелдің өзі хабарласқан. Осы уақытқа дейін барлық кезде жұмыс уақытында онымен басшылық арасында түсініспеушілік болмаған”, – деп хабарлады полиция.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бир рет кеширим беру керек букмекердин оз акшасы озинде калдыго бастысы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар