Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда балаларды биік шатырға шақыратын қауіпті ойындар пайда болды

Көкшетауда мұғалімдер әлеуметтік желіде қауіпті ойынның пайда болғанын айтып, ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Көкшетауда балаларды биік шатырға шақыратын қауіпті ойындар пайда болды

«Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы үлкен әлеуметтік мәселе болып отыр. Осы ретте  ата-аналардан аталған ойындарға назар аударуларын сұраймыз. Желідегі қауіпті ойындардың әкімшілері балаларды жабық топқа шақырады. Олар өліммен аяқталатын түрлі флешмобтарға қатысуға үндейді», – делінеді Көкшетау мектептерінің сайтында жарияланған хабарламада.

Хабарламада баланың қауіпті ойынға арбалуының алғашқы белгілері де атап көрсетілген. Олар өліммен байланыстырылатын қара және күңгірт түсті киімдерді құп көруі, баланың денесінде күю, кесу және өзге де зақым белгілерінің пайда болуы, үйдегі девайстарға қолжетімділікті шектей бастапуы, компьютерлерге кілт сөздер қоюы болып табылады. Сонымен қатар балалардың әлеуметтік желіде күйзеліске толы жазбалар қалдыруы, өз бетін жауып түскен суреттерді жариялауы суицидтік ойлардан хабар бере алады.

Сондай-ақ, кейбір мектеп директорлары WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналарға балалар үшін қауіпті ойындардың пайда болғанын хабарлаған. Мұндай қауіпті ойындардың бірі ретінде  Instagram-дағы үздік бейнеролик байқауы аталды. Онда ұйымдастырушылар балалардан көпқабатты үйлердің шатырында жүгіруді талап етеді.

Осы ретте көкшетаулық педагогтар ата-аналардан аталған ойындарға назар аударуларын сұрап, балаларын қадағалауды ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің төбесінде серуендеп жүрген жастардың видеосы тарап кеткен еді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да 6 жасар бала ішімдік ішіп, наркологиялық диспансерде есепте тұрған

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен билеуді қалай үйренгенін айтып берді (фото)

Талқылау