Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әйел дүкен сатушысын пышақпен қорқытып банк консервісін сатып алуды талап еткен

Көкшетау қаласында пышақ ұстаған әйел дүкен сатушысына келіп өзінің банк консервісін сатып алуға мәжбүрлеген. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

31966

Фото: spektrnews.in.ua

ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 шілде күні ішкі істер органына азық-түлік дүкенінің сатушысы шағым түсірген. Ол дүкенге белгісіз әйелдің келіп, банк консервісін күштеп сатпақшы болғанын айтқан.

Мұндай әрекетке бара алмайтынын айтқан сатушы әйелдің затынан бас тартқан. Бұл жауап әйелге ұнамай, ол қолына ас үй пышағын алып, сатушыны қорқыта бастайды. Қорыққаннан ол әлгі әйелге 205 теңге беріпті. Күдікті ақшаны алғаннан кейін, қолындағы затын тастап кеткен.

Әйелді тәуліктік кезекшілер ұстады. Оның әрекетіне байланысты ҚР ҚК 191 “Ұрлық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау