Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әкімшілік ғимараты отқа оранып бір адам қаза тапты

Көкшетауда бүгін таңертең әкімшілік ғимараты отқа оранып, оқыс оқиға нәтижесінде бір адам қаза тапты.

1563181

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Ғимарат бүгін таңертең сағат тоғыздан кете тұтанған. Өрт сөндірушілерге хабар 9.37-де келіп түсіпті. Оқиға орнына сол заматта 11 көлік жіберілді.

“Ағаштан салынған әкімшілік ғимарат толығымен өртеніп кетті, бұл 125 шаршы метрді құрайды. Ол жерде автомектептер, сақтандыру компаниясы және басқа да ұсақ ұйымдар орналасқан”, — деп хабарлады ТЖД.

“Бір адам көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жөнелтілді. Қайтыс болған азамат – Алпысбай Кәркен көлік жүргізу инструкторы болып жұмыс істеген, жасы 72-де”, — дейді агенттікке сұхбат беруші. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз:

Атырауда 23 жастағы жігітті аяусыз тепкілеп өлтірген қылмыстың видеосы пайда болды (видео)

Қарағандылық әйел 2 жасар қызын ыстық суға құлатып өлтірді

Оралдықтар көшеде жылап жатқан нәрестеге назар аудармай қойды (видео)

Талқылау