Көкшетауда 70 жастағы кейуана сөмкесін ұрлап кеткен ұрыны қуа жөнелді

Көкшетауда зейнеткер ұрыны жалғыз өзі тоқтатпақ болды. Ұры оны пышақпен қорқытып, қолындағы сөмкесін жұлып алып, қашып кетіпті. Оны қуа жөнелген кейуана ұрыға жете алмаса да, айқайлап, өзгелердің назарын аударды. Нәтижесінде полицейлер ұрыны ұстап алды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Көкшетауда 70 жастағы кейуана сөмкесін ұрлап кеткен ұрыны қуа жөнелді

Кейуанаға жасалған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Зейнеткер көлікке отырайын деп жатқан кезде, оның жанына ұры келіп, сөмкесін тартып алды. Сөмкенің ішінде кейуананың енді ғана алған 54 мың теңге зейнетақысы болған екен. Бұл кезде күйеуі дүкенге кіріп кетіпті. Алайда 70 жастағы кейуана аяғындағы протезге қарамастан бірден ұрыны қуа жөнелді. Ол ұрыны қуып жете алмағанымен, полицейлер оның айқайын естіп, бірден ұрыны ұстап алды. Анықталғандай ол 36 жастағы ер адам екен. Бұған дейін бірнеше рет сотталыпты.

«Мен оның қолынан шап беріп, ақшамды тартып алмақ болдым. Алайда ол пышақпен қорқытып, қаша жөнелді. Мен оның артынан қудым. Осы кезде 14 жас шамасындағы және одан да кішкентай балалар өтіп барады екен. Олардан ұрыны ұстауын сұрадым. Алайда ұры балалардың алдында пышағын көрсетті. Қатты қорқып кеттім», – дейді зейнеткер Валентина Струблевская.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар