Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 21:41

Көкшетауда 70 жастағы әжей өзін пышақтап тастаймын деп жанжал шығарды. Оған кейуананы сот орындаушылары пәтерінен күштеп шығармақ болғаны себеп. Пәтерін банкке кепілдікке қойып, бірнеше жыл несиесін төлей алмаған жалғызбасты Әмина Болатова баспанасын өліспей беріспек емес, деп хабарлайды КТК арнасы.

70 жасар кокшетаулык аже

Зейнеткерді баспанасынан шығару үшін жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция мен сот орындаушылары тайлы тұяғы қалмай келіпті. Есігін сындырып ашқанда Әмина қария өзін пышақтап тастайтынын айтып айғайға басты. Ал дауға себеп бөлған өтелмей қалған несие. 10 жыл бұрын 1 миллион 600 мың теңге қарыз алған Әмина Болатова аяқастынан күйеуі қайтыс болып, қарызға белшесінен батқан екен. Енді банк жалғыз баспанамды ескертпей-ақ сатып жіберді деген уәж айтады. Ал, пәтер басқаныкі деген сот орындаушылары болса, жағдай ушығып бара жатқан соң сот өндірісін уақытша тоқтатты.

«Сот шешімі күшіне 2014 жылы енген.Қазір бұл пәтердің жаңа қожайыны Алматыда тұратын Ержан Қожахметов. Міне, оның атынан өкілі келіп тұр. Пәтерді банктен сатып алған. Біз барлық қызметтерге ескертіп, заң бойыша келіп тұрмыз. Бұған дейін екі рет әжейге өз еркімен босату туралы ұсыныс жасалған болатын», – дейді  жеке сот орындаушысы Арман Шәкеев.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбылдағы көшкіннен қаза болған сарбаздардың өліміне айыпталған майор түрмеден құтылып кетті

Алматыда ұлдарын асқан қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты жаңа деректер шықты

Қазақстанда үш мешіт сатылымға қойылды

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар