Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда үш жеткіншек оңалту орталығынан қашып кетті

Көкшетауда үш жеткіншек Жасөспірімдерді оңалту орталығынан қашып кетті, деп хабарлады сейсенбіе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

1390302065_1_news_1331566432

Сурет: www.xn--80aahj3anu6j.xn--p1ai 

Төтенше оқиға туралы хабарлама Көкшетау ішкі істер басқамасына мемлекеттік мекеменің директоры орынбасарынан дүйсенбі күні кешке келіп түскен.

“27 маусым күні шамасында Көкшетау қалалық ІІБ ЖБО «Жасөспірімдерді оңалту орталығы” ММ директорының орынбасары хабарласып, сол күні орталық аумағында серуендеп жүрген 2001 жылғы Диас Кәкімов, 2001 жылғы Владимир Соболевский және 2002 жылғы Денис Аспилейдердің белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтқан”, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Диас Кәкімов, Владимир Соболевский жасөспірімдер ісі бойынша Ақмола облыстық ювеналды сотының шешімі заңды күшіне енгенше орталықта уақытша болған. Ал, Денис Аспилейдердің анасы ата-ана құқынан айрылған, сол себепті ол  аталған соттың шешіміне сәйкес балалар үйіне жіберілгенше орталықты паналаған.

Қазіргі кезде, Көкшетау қалалық ІІБ ювеналды инспекторлары мен полицейлері жоғалған жасөспірімдерді іздестіруде. Олардың жүрген жері туралы ақпарат болса, 25-96-00 немесе 102 арнайы телефон нөміріне хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:
Талқылау