Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны жасанды тырнақ жалғатамын деп, ақыры ауруханадан бірақ шықты

Көкшетау тұрғыны жасанды тырнақ жалғатамын деп, ақыры ауруханадан бірақ шықты. Әдеттегідей сұлулық салонына барған Алла Евтушенко, “салон қызметкерінің салғырттығынан саусағымнан айырыла жаздадым”,- дейді. Айтуынша, тырнаққа түскен инфекциядан, тері асқынып, күбірткі шыққан.  Ал салондағы маман “барлығын ереже бойынша жасадым”, – деп ақталуда.

nail-ukrepleniye

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

50 жастағы Алла Евтушенко 19 жасынан бастап тырнақтарын сәндеу үшін салондағы шеберлердің қызметіне жүгініп келген. Кейінгі бес жыл бойы таңдауы  “СВ сұлулық студиясына” түсіпті. Алайда сұлулық үйіне барған соңғы сапары сәтсіз аяқталғанын айтады. Жасанды тырнақ жапсырған соң, саусағыма күбірткі шықты дейді.

«Салоннан шыққан сәттен бастап-ақ саусағым ауырып, маза бермеді. Бір аптадан соң тіпті іріңдей бастады. Ақыры ауруханаға барып едім, дәрігерлер саусағыма ота жасау керектігін айтты. Сөйтіп операция жасады. Қазір жазылғанымен тыртық қалды.  Тағы бірнеше күн жүргенімде саусағымды кесіп тастаушы еді», – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Алла Евтушенко.

Осы оқиғадан соң Алла салонға баруға қорқады. Алайда бес жылдық өтілімі бар шебер бұған менің кінәм жоқ, – дейді.

«Мен оның тырнағына ештеңе жасаған жоқпын. Тек үстіне жасанды тырнақ жапсырып бердім. Барлық құралдар тазартудан өтеді. Бір аптадан кейін Алла маған қоңырау шалып, өзінің наразылығын білдірді. Егер теріс нәтиже берсе, ол бір-екі күннің шамасында білінетін еді ғой», – дейді “СВ сұлулық студиясының” шебері Татьяна Шумилова.

Ал тырнақты өңдеу бойынша мамандар бағасы арзан маникюр мен педикюр қызметтеріне қызықпаған абзал дейді. Өйткені, бағаның төмендігі қолданылатын өнімнің сапасыздығын білдіреді. Ал бүгінгі күнде сәнге айналған тырнақ күтімі қызметін қолдансаңыз, міндетті түрде шебердің теріңізді кесіп алған тұсы мен құрылғыларды сутегімен өңдеуін қадағалаңыз. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсететін шеберге бармағаныңыз жөн. Өйткені бұл жағдайда гигиеналық талаптардың сақталуы екіталай, -дейді мамандар.

«Медициналық спирттер, спрейлер және антисептиктер жұмыс орнында әрдайым болу керек. Көбіне үй жағдайында және тәжірибесі аз, оқымаған мамандарда осындай проблемалар болады. Олар ең алдымен арзан бағаға жасап, бәсекелістік туғызады. Арзан жерге барған кезіңізде  ауруларға шалдығып қалуға, яғни кір құралдармен жұмыс істегенде риск жоғары болады», – дейді тырнақ күтімінің маманы Әйгерім Нұрғалиева.

Сұлулық салондарында қазіргі жасанды тырнақ жасатудың құны 5 мың теңгеден басталады. Ал жоғары оқу орнында ұйымдастырушы болып істейтін Алла тырнағын сәндеген шеберді сотқа беріп, 1 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Талқылау