Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны алқаби ретінде сотқа қатыспағаны үшін жауапқа тартылды

Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы мамандандырылған әкімшілік соты Б. есімді азаматқа байланысты, қылмыстық істі қарау кезінде алқабилер қатарында отырмағаны үшін, үстінен іс қозғады.

2bed0cebcde1efdb60679651e04679e108eacbbf_752

Сот азамат Ақмола облыстық мамандандырылған аудан аралық сотындағы қылмыстық істі қарау кезінде алқа билер қатарында отыруы керек еді деген айп таққан. Себебі азаматқа істі қарау уақыты мен күні жайлы ақпарат жазылған хат берілген.

Ескертуге қарамай сотқа қатыспаған азаматтың үстінен әкімшілік жауапкершілік бойынша іс қозғалған.

Жауапты сотта өзінің әкімшілік жауапкершілік бойынша заң бұзушылық жасағанын мойындаған. ҚР ӘЖК бойынша 655 бап бойынша яғни сотта алқа бидің қызметін атқару үшін келмегені бойынша айыпталған. Істі қарау қорытындысы бойынша сот оған ескерту жасады.

Талқылау