Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау шенділері Дариға Назарбаеваны алдап соқты

Жуырда ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Көкшетауға барған. Алайда облыс шенділері үш тілділік мәселесін жақсы етіп көрсету үшін мектеп оқушыларын ауыстырып жіберіпті. Сондай-ақ мұғалімдер Назарбаеваның көзінше оқушыларға  биология пәнін ағылшын тілінде түсіндірген.

1449559634_dariga1

Сурет matritca.kz

Бұл туралы Оюлы Қуаныш Ерғалиұлы есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялады. Нақтырақ айтсақ, Көкшетау билігінің басында отырғандар тіпті Дариға Назарбаеваның өзін алдап соғыпты.

“Дариға нөмірі 2-ші мектепке бармақ болған екен, біздің сұңғыла басшылар екінші мектептің оқушыларының орнына нөмірі 3-ші мектептің оқушыларын отырғызып қойыпты. Отырғызып қойып “биология” пəнін ағылшынша өткізіпті. Əй, сабазың-ай! Не деген ақыл, не деген ми?! Осы жағдайға байланысты ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың арасында реніш бар. Кім өзін, болмаса өзінің баласын біреуден кем көреді. Əрине, реніштері орынды”, – дейді автор.

Желі қолданушысы, жас ұрпақты осылайша өтірікпен ауыздандырып жүргенімізге күйінетінін айтқан. Ол үш тілде оқытып жатырмыз дегенді көрсету үшін, осыншалықты масқара қадамға неге барамыз деп ашына жазады. Автор дәл осы жағдайды біле тұра, жазбай отыра алмадым дейді.

“Осы жазбам үшін жергілікті билік менің де маңдайымнан сипамасын білем! Бірақ үндемей қалуға азаматтық ар-ұжданым жібермеді. Үн қосыңыздар ағайын! Ана тілі оларға керек болмаса бізге керек! Мен баламның мəңгүрт болғанын қаламаймын!”, – деп аяқтаған әлеуметтік желідегі жазбасын. Жазба 200-ден астам рет бөлісіліп, қолдау мәніндегі пікірлер қалдырылған.

Талқылау