Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досымен ұрысып қалған жігіт Көкшетау көшелерінде тыр жалаңаш жүрді

Көкшетау көшесінде киімсіз жүрген жігіт ұсталды. Әдепсіз қылыққа ол жолдасымен ұрсып қалғандықтан барған.

78763_b0

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлаған.

Ақмола облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыржалаңаш шешініп, көше кезген Көкшетау тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

11 тамыз күні үстінде мүлдем киімі жоқ еркектің жолдан өтіп бара жатқандығы бейнекамераға түсіп қалған. Азамат жасырынып қалғандықтан, полицейлер оны қолға түсіре алмады.

Қала тұрғындары бұл жайтты ұялы телефон камераларына түсіріп алып, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Заң қызметкерлері оның ізіне түсті. Куәгер киімсіз азаматтың көлікке отырғанын көрген. Кейіннен тәртіп бұзушыны алып кетуге ағасының келгендігі мәлім болды.

25-жастағы қала тұрғыны қала пәтерлерінің бірінен табылды. Өзінің арсыз әрекетін жас жігіт жолдасымен болған жанжалмен түсіндірді. Тәртіп бұзушының ақыл-есі орнында, ешқандай психиатриялық емханада тіркеуде жоқ. Ұсталған сәтте алкогольді ішімдік те пайдаланбаған.

Жас жігіт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Іс құжаттары сотқа жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Төсін жалаңаштаған ақтөбелік әйел саябақтағы ер адамдарға тиісті (видео)

Жол бойында тыр жалаңаш отырған еркек Ақтөбе тұрғындарын таң қалдырды (видео)

Аптап ыстыққа шыдамаған әйел тыр жалаңаш фонтан суына шомыла кетті (видео)

Той үстінде жартылай-жалаңаш билеген қыздар көпшіліктің жағасын ұстатты (видео)

Жігіттің туған күніне достары тыр жалаңаш “қалыңдық қыз” сыйлады (видео)

Талқылау