Көкшетау қаласы маңынан аса зиянды, шашылып жатқан медициналық қалдықтар табылды

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 13:48

Көкшетау қаласына жақын маңдағы орманды алқаптан адам өміріне аса зиянды, ашықтан-ашық шашылып жатқан медициналық қалдықтар табылды. Аумақты мұқият тінтіп шыққан құқық қорғау қызметкерлері, қолданылылған ине, дәрі-дәрмектерді Ақмола облыстық онкологиялық ауруханасына тиесілі екенін анықтады. Кеткен қателікті аурухананың жетекшілері мойындап отыр, алайда олар негізгі кінәлі адам жалдамалы көлік иесі дейді.

мыым

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақмола облыстық онкологиялық диспансерден шығарылып, қоқыс полигонына жетпей, жарты жолдан төгілген үйінді, міне. Қала маңына жақын тұстағы табиғат аясына төгілген қажетсіз заттардың арасында жарамсыз төсектер, медициналық дәрі -дәрмекке арналған ыдыстар, екпе құралдары, дәрі-дәрмектер оралған қораптар және басқа да медициналық заттарды байқауға болады. Бұл жағдайға аурухана қызметкерлері жалдаған “Газель” көлігінің иесі кінәлі,- дейді. Алайда, өздерінен де ағаттық кеткендігін мойындап отыр.

“Екінші машина алдағы Камаздың артынан жүріп отырған. Алайда, полигонға жетпей бұрылып кетіп, далаға төге салған. Сол күні сенбілікке шыққан 220 ақ халатты жанның еңбегі зая кетті, жаңағы жерлесімізді қадағалай алмай. Әрине бұған біздің жауапты екенімізді мойындаймыз”, – дейді Облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Әсемгүл Қазизова.  Диспансер қызметкерлерінің айтуынша, осы оқиғаға байланысты шаруашылық меңгерушісі жауапқа тартылатын болыпты.

Ал Қазақстандағы еңбек сіңірген дәрігер мұндай олқылыққа мүлдем жол беруге болмайды дейді. Және мерзімдері өткен немесе қалдығы қалып қойған дәрі-дәрмектердің ауаға таралуын залалсыздандыру жұмыстарымен тазалық мамандары мен экологтар айналысу керектігін айтады.

Себебі, дәрілердің қалдығы мен қолданылған инелердің ішінде қалған заттар ауаға тарап, артынша тыныс алу жолдары арқылы улануға дейін әкелуі әбден мүмкін дейді. Сондықтан мұндай медицинада қолданылатын қалдықтар адам өміріне аса қауіпті.

“Ең негізінен бұл адамның тыныс жолына кері әсерін тигізеді. Одан соң қазір алергиялық аурулар, бөртпе көбейді. Оның барлығы түптеп келгенде осындай медициналық заттарды ашық далаға төгіліп, ауаға таралуынан болып жатыр”, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Тұрарбек Төлендиев.

Сондай-ақ, Тұрарбек Төлендиевтің айтуынша, медициналық қалдықтарды полигонға да төгуге болмайды. Күннің ысыған уақытында мұндай заттар тұтанса залалы тіпті арта түседі. Сондықтан, мұндай қалдықтарды жоюға арнайы орындар қарастыру керек,- дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар