Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау базарында порно фильмдер сатқан жігіт ұсталды

Орталық базарда порнографиялық фильмдерді сатқан Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

1638915

Фото: Sputnik / Александр Алпаткин

Орталық базар ауданында пираттық DVD және CD дискілер сатқан 34 жасар қала тұрғыны ұсталды. Сатушыдан жалпы саны 149 диск тәркіленген, олардың 12-сі порнографиялық фильмдер. Сараптама тағайындалды. Ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) қылмыстық іс қозғалды.

Бұл құқықбұзушылық үшін 2 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе сондай көлемдегі түзету жұмыстарына салу, не болмаса екі жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданады. Сонымен бірге айыптының мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді

Алматы облысында жантүршігерлік апатқа түскен жүргізуші тілге келді

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Талқылау