Көкшетау ауруханасында 8 жасар бала көз жұмды

Көкшетау полициясы ауруханада күтпеген жерден көз жұмған 8 жасар баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Көкшетау ауруханасында 8 жасар бала көз жұмды: Өлімнің себебін анықтау үшін тергеу жүргізілуде

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабаралайды.

Полицияда хабарлағандай, 11 шілдеде сегіз жасар баланың іші ауырып, аурухана түскен.
Онда дәрігерлер баланың асқазанын шайып, қажетті дәрі-дәрмектерді беріп, үйіне жіберген. Дәрігер үйіне босатқан бала келесі күні жеміс-жидек жеп, көшеде ойнаған. Содан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, демала алмай құса бастады.

Баланың жағдайын көрген ата-анасы бірден жедел жәрдем шақырды, алайда олар алғашқы көмекті күтпестен оны облыстық балалар ауруханасына өздері көлікпен алып келді. Өкінішке орай, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған бала сол жерде көз жұмды.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүргізілуде, сондай-ақ бұл іске қатысты тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың неден көз жұмғаны белгілі болады», – деп хабарлады Ақмола ішкі істер департаменті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар