Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау әуежайында басшылардың бірі өз-өзіне қол салды

Бас директорының орынбасары Олег Чернышев жұмыс орнында асылып өлген.

1111111

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлады.

Марқұмның әкесі де, баласы мен әйелі де Көкшетау әуежайында талай жылдан бері қызметте. Туыстары суицид себебін қызмет бабымен байланыстырып отыр.

Бас директордың орынбасарлығына небәрі 4 ай бұрын тағайындалған Олег Чернышев соңғы күндері денсаулығына байланысты демалыста жүрген екен. Бірақ өткен сенбі күні оны басшысы аяқ астынан жұмысқа шақыртыпты. Тіпті, әуежайға сол күні Астанадан бұрынғы басшысы да келген. Олардың бұлай жанұшыра жиналуына жақында өткен тексеріс себеп болған көрінеді. Осыдан кейін Алексейдің әуежайдың жертөлесінде асылып тұрған денесін сонда жұмыс істейтін баласы тапқан.

“Сол жерде әуежай басшылары байланыса кетті. Екеуінің жанжалдасып шығып кеткенін байқап соңынан шықсам, бұрынғы директорына қазіргісі жұдырық ала жөнелді. Екеуін айырмақ болдым. Мынадай жағдай болып жатқанда бұларың не дедім. Сонда естігенім «оған неге телефон шал деп айттың?» дегендері”, – дейді марқұмның қарындасы Оксана Скворцова.

Инженерден директордың орынбасары қызметіне тағайындалған Олег Чернышев соңғы күні ұжыммен де, басшылармен де кездескен. Бірақ еш кикілжің болған жоқ, – дейді әріптестері.

“Чернышевпен көп жылдар бірге жұмыс істедім. Тұйық адам еді. Неге олай болғанын білмеймін. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр”, – дейді «Көкшетау халықаралық әуежайы» АҚ инженерлік-авиация қызметінің бастығы Александр Ковальчук.

Астанадан арнайы келген комиссиямен бірге полиция да тексеріс жүргізіп жатыр. Олар бірден әуежайдың директоры Жанат Кольчуковты қызметінен босатқан. Бірақ ресми себебін түсіндірмеді. Бір анығы, әуежай қызметкерлері соңғы 3 айда жалақы алмаған. Және де халықаралық мәртебе беріліп, 9 млрд теңгеге қайта жөндеу жасалған әуежай ғимараты әлі мемлекеттік қабылдаудан өтпепті.

Талқылау