Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкпекті апатына кінәлі деп танылған кәсіпкер соттың әділетсіздігіне күйінді

Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында болған тасқынға су қоймасының қожайыны ғана кінәлі деп танылды. Дамбаға құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған Владимир Крючков 3 жыл арқалады, – деп хабарлайды ктк арнасы.

20160427114625

2014 жылдың наурызында Көкпекті ауылындағы бөгет жарылып, 5 адам ажал құшқан болатын. 100-ге тарта үй қирап, ірілі- ұсақты мың бастай мал қырылды. Алғашында, осы төтенше оқиғаға байланысты Владимир Крючковпен бірге Көкпекті ауылының бұрынғы әкімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің экс басшысы да сотқа тартылған. Дегенмен процес барсында прокурорлар экс-шенеуніктерді жауаптан босатты. Ал Крючковтың өзі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Себебі су қоймасын жалға алғанымен, бөгеттің жеке қожайыны болған. Мемлекеттік айыптаушылар сол жауаптыларды жазадан сытылуға жағдай жасады дейді Крючков.

«Маған жала жауып отырғанына 100 пайыз сенімдімін. Бөгеттің нағыз иесі – «Шаңырақ» фирмасы мүлде жауапқа тартылмады. Апатты жағдайда тұрғанын айтып құзырлы органдарға жазған 30- дан аса ресми хатты көрсеттік. Дәлелдер мен мамандардың жасаған қортындылары да ескерілмеді», – сотталушы Владимир Крючков.

Талқылау