Франциядағы атақты дизайнер атанған Габриэль (Коко) Шанель Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер үшін агент болған. Бұл туралы Франция арнайы қызметінің сәрсенбі, 16 наурыз күні жариялаған мұрағаттарынан мәлім болды.
Сурет: lenta.com
Коко Шанельдің есімі Париждің шығысында орналасқан Венсен бекінісінде сақталған құжаттамада тұр. Атап айтқанда, мұрағат құжатында оның 1942-1943 жылдары барон Ганс Гюнтер фон Динклагенің көңілдесі және агенті болғаны туралы жазба сақталған.
«Барон үгітші болып жұмыс істеген, біз оның неміс агенті болған деп санаймыз», – делінген құжаттамада.
Мұрағаттың сақталуына жауапты Фредерик Кугинердің айтуынша, Коко Шанель «абвер-дің» (Германияның әскери барлау қызметі) агенті болған. Сонымен қатар, Кугинер дизайнер немістер үшін нағыз «ақпарат көзі» болып есептелінген. Ал, дизайнердің өзі бұл туралы білмеген де болуы мүмкін.
Коко Шанель – «Chanel» сән үйін құрған франциялық дизайнер. Өзінің бірінші дүкенін Шанель 1910 жылы Парижде ашқан.