Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көк-Төбе әкімшілігі блогермен болған қақтығысқа қатысты түсініктеме берді

Көк-Төбе әкімшілігі «Абай» мейрамханасында блогермен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қазақстандық блогер Шолпан Әли өзінің Facebook  парақшасында 10 наурызда Көк-Төбедегі мейрамханада орын алған текетірес туралы жазған болатын.

Блогер Көк-Төбедегі Абай мейрамханасының басқарушысы Милана Зурмен сөзге келіп қалған. Шолпан Әлидің жариялаған хабарламасы желі қолданушылар арасында қызу пікірталасқа түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал Көк-Төбе әкімшілігі «Абай» мейрамханасы мен саябақ туралы  ғаламтор желісіндегі жағымсыз пікірлерге алаңдап отыр. Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлер «Көктөбе» саябағынада тікелей  әсер етеді, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы зерттеуледе, дейді әкімшілік.

«Біздің саябақта және мейрамханамызда қарапайым адамдар жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін қызметкерлерге қосымша брифинг өткізілді. Сондай-ақ, осы қақтығыстың куәсі болған мейрамхананың барлық қонақтарынан кешірім сұраймыз », – деп атап өтті парктің әкімшілігі.

Сондай-ақ мейрамхана басшысы Милана Зур әлеуметтік желіде пікір жазған Дмитрий Кутселден кешірім сұраған. Әйел бұған дейін мейрамханадағы қақтығысқа қатысты пікір жазған Кутселге дөрекі жауап қайтарған болатын. Алайда Милана Зурдың кешірім сұрағаны шын ба, өтірік пе белгісіз. Себебі, өтініш жазылған хабарлама, оның атынан жарияланбаған.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алды

Алматы облысында туған бауырын өлтірген зейнеткер сотталды

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр

Талқылау