Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль табыстады

ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалін табыстау туралы бұйрыққа қол қойды. Медаль Алматы қаласында спортшының әкесіне табысталды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін»: ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль табыстады

Сурет:Sputnik/Алексей Стефанов

Медальді табыстау салтанатты рәсімі «Оңтүстік» қолбасшылығы аумағында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Денис Тен әскери қызметін жақсы атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысып, оқыс жағдайда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды.

Ұлттық ұланның әскери бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің шұғыл әскери қызметі 2011-2012 жылдары Алматыда өткенін айтты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін»: ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль табыстады

Sputnik / Сергей Ким

Денис Тен Сочиде өткен олипиада ойындарына дейін «кіші сержант» атағын алған. Ал «қола» жүлдені еншілегеннен кейін «лейтенант» атағы беріліпті. Сонымен қатар спортшы келісімшарт бойынша әскери қызметте қалғысы келген. Артынша оның Ұлттық Гвардияның спорттық командасының құрамына қабылдапты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін»: ІІМ басшысы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль табыстады

Sputnik / Сергей Ким

Денис Теннің әкесі Юрий Тен ұлына деген құрметі үшін шараға келгендерге алғыс білдірді.

Сондай-ақ, ол Денистің үнемі спортпен шұғылданып, жаттығуын үзбегенін айтты.

«Өкінішке орай, оның өлімі ғана халықтың оған деген үлкен махаббатын көруге мүмкіндік берді. Бүкіл Қазақстан өзінің Дениске деген пейілін білдірерді деп күтпеген едік», – дейді Денистің әкесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау