Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысығын икрамен тамақтандырған әйел ресейліктердің ашуын келтірді

Мәскеу облыстық Қоғамдық палатаның бұрынғы мүшесі Юлия Алфёрова мысықтар күніне орай Тессо атты мысығын қымбат балық мейрамханасында тамақтандыруды жөн көріпті.

Юлия Алфёрова осылайша әлі де ғаламтор қолданушыларын таңдандырудан жалығар емес.

Былтырғы жылы Юлия Алфёрова мысығының мерекесіне орай оны қара уылдырықпен тамақтандырғанын айтып, желі қолданушыларын таң қалдырған еді.

«Мен Тессо үшін әртүрлі тағамдарға тапсырыс беріп қойдым. Өзім таңертеңнен бастап ботқа жегенді жөн көрем. Тағамдарды жейміз бе, бе жоқ па, ол туралы әлі нақты білмейміз», – дейді ол.

Тессо мейрамханада өзін жайсыз сезініп, үркектей берді. Тіпті, деликатес тағамдарды да жеуге асыға қоймады.

Талқылау