Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамдық кеңес мүшелері қазақстандықтардың қару алып жүруіне рұқсат беру туралы ұсыныс айтты

Алматыда қоғамдық кеңес мүшелері полицейлердің қызметіне сын айта келе, қазақстандықтардың өзін қорғай алуы үшін күші аз қару ұстап жүруін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz Sputnik агенттігіне сілтеме жасай отыра.

«ІІМ әзірге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындықтан қазақстандықтардың қорғану мақсатында күші аз қаруларды өзімен бірге алып жүруіне рұқсат ету туралы ұсыныс айтамын. Тым болмағанда травматикалық қаруға рұқсат керек. Травматикалық қаруды алып жүруге бірнеше жылдан бері тыйым салды. Статистиканы қараңыздар. Қылмыскерлер қалай оқ атқысы келсе, солай атып жүр. Егер зардап шегушілердің бірінде травматкалық қару болғанда ше? Неліктен заңды ұстанатын азаматтарды өзін, жақындарын, мүлкін қорғау құқығынан айырады?», – дейді Қоғамдық кеңес мүшесі Ерлан Смайлов.

Оның ұсынысын өзге қатысушылар қолдады.

«Егер полиция бізді қорғай алмаса, мен бұл ұсынысты қолдаймын. Адамдарға травматикалық қаруды қайтарайық», – деді журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев.

Ол полицияның реформаны нақты істен бастап, халыққа жақын болу керек екенін айтты.

«Екі жыл бұрын Руслан Күлекбаев (2016 жылы Алматыда теракт жасағаны үшін сотталған) Алматыны тік тұрғызды. Біз содан әлі де ес жиған жоқпыз. Қорғаушыларымыз бізден алыстап кетті. Қазір Ішкі істер басқармасының аймақтағы бөлімшелері мен ІІД есігін ашу керек. Адамдар келіп алып, екі сағат күтеді. Жалыққан соң кетіп қалады. Осыдан кейін қылмыстың 30%-ы ашылмайды. Ал, аяғына дейін күткен жағдайда 10%-ының ғана ісі ашылады», – дейді Пономарев.

Бүгін Қоғамдық кеңес отырысы нәтижесінде қалалық полицейлердің жұмысы жайлы мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері бірауыздан ел жетекшілеріне Алматы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев пен ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босату мәселесін шешу туралы ұсыныс айтты.

19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен соң қауіпсіздік қызметі аяғынан тік тұрды. Денисті көлік айнасын ұрламақ болған екі жігіт пышақтап кеткен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау