Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамда шет елдік атауларды қазақ тілінде дұрыс айту мен жазу туралы пікірталас жүріп жатыр

Электрик пе, илектрик пе? Мобиль десек қате, мобайл деп қолдансақ дұрыс па? Палиция ма, полиция ма? Қазір қоғамда шет елдік атауларды қазақ тілінде дұрыс айту мен жазу туралы пікірталас жүріп жатыр.

27ed48e6b4fe21330c5b4b5734140a91

Фото: el.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тілдегі қолданыста жүрген мұндай сөздердің саны 5000-ға жуықтайды. Мәселен, фейсбук әлеуметтік желісінде Нұрғиса Асылбеков атты аудармашы “О” әрпінің дұрыс оқылуын ұсынады. Яғни, п(а)лиция деп емес, полиция деп оқылуы тиіс. Сол сияқты, поляк, олимпиада, пионер, мотор, компьютер, Криштиану Роналду деп жалғаса береді. Тағы бір мысал, Қытайдан келген этникалық қазақтар Конфуцийді Құндзы деп атайды. Бұл қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне барынша сай нұсқасы.

“Біздегі халықаралық терминдер, шетелдік кісі есімдері немесе ресми мемлекет атаулары бұлардың барлығы тікелей сол тілден емес, тікелей орыс тілінен енген жағдай. Осыдан келіп шыққан қисынсыздықтар деп есептеуге болады”, – дейді Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Съезд Ақымбек.

Кезінде ақын Жамбыл “выставканы” “өстепке” десе, Жүсіпбек Аймауытов “вокзалды” бағзал” деп атаған еді. Транслитерациялау жүйесі мемлекет атауларына да қатысты. Венгрияны Мажарстан деуге, Египетті Мысыр деуге не кедергі? Тағы бір дәлел. Кезінде нөмір, рөл, кәбіл сияқты өзгертілген сөздер тобы соңғы шыққан орфографиялық сөздікте қайтадан орыс нұсқасына ойысып кеткен. Ал тіл комитеті жақын арада орыс тілінің үндестік заңымен енген сөздерді транслитерациялауға нақты жоспар құрып отырған жоқ. Мәселені шешу ойлап қоюмен шектеліп тұр әзірге.

“Болашақта болады деп ойлаймын. Сол елдің өзімен, оның атауы мен астанасын, Пекинді Бейжің дедік қой, Ашхабадты Ашғабат дедік. Сондай атаулар орнығады деп ойлаймын”, – дейді ҚР МСМ ТДҚСЖК Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.


Жіберіп алмаңыз:

Жас ұстаздар қазақстандық оқушыларға не үйрете алады?

Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен жақындаспау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Қапшағайдағы жанжал: Шенеунік есірткі шегіп алған күйде ұсталды

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Талқылау