Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғамда қызу талқыға түскен тәртіп сақшысының тағдырына қатысты сот отырысы аяқталды

Жамбылда қоғамда қызу талқыға түскен тәртіп сақшысының тағдырына қатысты сот отырысы аяқталды. Шу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Оспановқа бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

0

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әу баста төрт бап бойынша істі болған тәртіп сақшысын Меркі аудандық соты үш бап бойынша ақтап шықты. Тек күдіктіні заңсыз қамауға алу дерегімен айыпты деп тапты. Алайда, сотталушының жақындары мұнымен келіспейді.

Алты айдан бері әділдік іздеген Мұхаммед-Рахым Оспановтың жақындары бүгін соттың әділ шешім шығаратынына сеніп келді. Алғаш сот шешімі қуантқандай болды. Алайда, ұлымыз ақталып шығады деген көптің қуанышы көпке созылмады. Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша айыпталған Оспановты, сот күдіктіні заңсыз қамады деген айыппен кінәлі деп тапты.

Шу аудандық ішкі істер бөлімінің берекетін алған даулы істің желісі мынау. Өткен жылдың мамыр айында он үш жастағы мектеп оқушысын екі күн бойы зорлады деген Мағжан Мұхитұлын тәртіп сақшылары тергеуге алған. Алайда, күдікті жеме-жемге келгенде жәбірленушіге айналып шығады. Прокуратураға шағым түсіріп, Оспановтың үстінен төрт бап бойынша іс қозғалады. Алайда, сотта прокурор таққан кінәсін дәлелдей алмай дал болды. Тіпті, күдікті Мағжан алғашқы көрсетпесін үш рет өзгерткенмен, прокурор қалайда соттаудың қамынан қайтпады, – дейді Оспановтың қорғаушысы.

“Тергеу кезінде көп қате жіберді. Сол қатесін мойындамау үшін бір бапты баламызға қалдырып, сот шешімі бүгін бір жыл алты ай деп шешім шығарды. Біз оған қарсымыз, апелациялық сотқа береміз”, – деді Назиля Оспанова, М.Оспановтың анасы.

Сот шешіміне сәйкес Оспановқа тек күдіктіні заңсыз қамады деген айып тағылды. Бірақ туыстары полиция майорының заң жүзінде күдіктіні уақытша қамауға мүмкіндік берер емес.

Сот үкімін негізсіз деген Оспановтың жақындары ұлымыз нақақтан нақақ күйді деп күйінеді. Әу бастағы қозғалған төрт баптың үшеуі негізсіз екенін дәлелдедік деген олар, әділдікке жетпей берілмеуге бел буып отыр. Қайта апелациялық сотқа жүгінбек.

Талқылау