Қоғам қайраткерлері үш тұғырлы тіл саясатына қарсы шықты

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 9:52

Мектептерде пәндерді ағылшын тілінде үйрету Конституцияға қайшы! Яғни, әр бала өз ана тілінде білім алуға құқылы. Үш тұғырлы тіл тек қазақ тілін жою үшін жасалған дейді қоғам белсенділері. Тіл мәселесіне қатысты болған басқосуда министр Ерлан Сағадиевтің де пікірі айтылуы керек болған. Алайда, ол 26 қазан күні Астанада білім ұйымдарында қазақ тілін оқыту, оның қолдану аясын барынша кеңейту арқылы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел өткізіп, барлығын сол жерге шақырып отыр.

сагадиев шаханов

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Басқосудың басты тақырыбы 3 тұғырлы тіл. Ол кімге керек, одан не ұтамыз? Жиылғандар осы сауалға Сағадиев мырзаның өзі келіп  жауап береді деп бір жарым ай күтіпті. Бірақ  Сағадиев мырза тұрмақ Білім және Ғылым министрлігінің бірде бір өкілі келмеді бұл дөңгелек үстелге.

«Мен білгем келмейтінін, әуре болып қайтеді ол? Сағадиев ерекше министр болды. Оған еңбек ері атағын беру керек. Өйткені ол қазақ халқын жоюды, қазақ тілін жоюдың төте жолын алға шығарды», – дейді ақын Мұхтар Шаханов.

Ал «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай:

«Сағадиев келіңіз» деп айтқан  едік. Қоғамдық пікірге құлақ аспады, елдің пікірін тыңдамады. Енді «Сағадиев кетіңіз» деп айтуға мәжбүрміз», – деді.

Сағадиев тарапына сындар көп айтылды. Бірақ министрсіз де мәселені талқыға салды жиылған жұрт. Көптің көкейінде бірнеше сауал. Балалардың 3 тілділікке бірден көшуі қалай болмақ? Кей пәндердің тек ағылшын тілінде оқытылуы қандай нәтиже береді және ертең 3 тілділікке көшсек, қазақ тілі шетте қалып қоймай ма?

«Мен қазақ балабақшасына баламды беремін. 30 бала бар. 20-сы орысша сөйлейді. Бір ауыз орысша білмейтін балам 2 айдан кейін орысша сөйлеп келді. Біздің қазақ балабақшасы баламды орысша сөйлетіп үйіме қайтарып берді. Мына жер жөнді жұмыс істемей тұр», – дейді филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы.

Балабақшаның жұмысына да көңілі толмағандар көп. Осы жерден бастап мәселені мықтап қолға алу керек дейді. Ал балаларға  нақты ғылыми пәндерді ағылшын тілінде мәжбүрлеп ешкім үйрете алмайды.

«9-сыныптан бастап 3-4 жыл бойы дәл, нақты ғылыми пәндерді  ағылшын тілінде үйретеміз деу бұл нақтысында Конституцияға қайшы.  Конституцияда бізде, ана тілінде білім алу құқы бар, ол жазылған», – дейді саясаткер Дос Көшім.

Сағадиевсіз өткен жиында ең әуелі отбасында, одан  кейін балабақша және мектептерде қазақ тілінің мәртебесін көтеру керек деген мәселе көп айтылды. Осы ретте бұл мәселені талқылауға келе алмаған Ерлан Сағадиев қоғам белсенділерін 26 қазан күні Астанаға шақырып отыр. Бірақ  жиналғандар бару бармауымыз екіталай деп қысқа ғана қайырды.

Жіберіп алмаңыз: 

Бердібек Сапарбаев сотта ар-намысын қорғап алды

Мәдениет министрі «төсекке сүйремек болды» деп тағы бір алматылық бойжеткен мәлімдеме жасады

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Сапарбаев сенбілікке шықпай терезеден сығалап қарап тұрғандарға ұрысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 1 бір сағат кері

Мынау Сағадиев шаршатып жіберді, неге кетпейді, бұл туралы оның əкесі не дейді.

Анонимно
1 ай 9 күні кері

Балық басынан шіриді деген осы қолдарына билік тисе құдайын ұмытады Сағадиев тіл туралы маселе түгілі алдымен жауапкершілікті біліп алсын бүгін қазақ тілін жетімсіретсе ертең озі жетімсіреп қалып жүрмесін…

Анонимно
1 ай 10 күні кері

енді Сағадиевтің қолдаушысы мықты болып тұр да. Осы орыс тілдің не қажеттілігі бар түсінбеймін. Ал ағылшынды үүшін төртінші сыныптан қоссын.Қазір баптарына кіріп шықпайды ғой

Анонимно
1 ай 10 күні кері

Сагадиевтин тили турли тусти екен деп.Тилимизди жогалта алмаспыз.Баска ештене ойлап таппады ма екен?Казакпын деген намысты азамат ушин алдымен Алласын танытатын дини мен Ата бабадан калган салты,Туган жери,Ана тили,мерекели де берекели отбасы манызды.Соншама жетесиз болатындай не болыпты?Баска тилди арким ози ак менгереди.

Анонимно
1 ай 11 күні кері

Сағадиев неге халықпен санаспайды.Сағадиев қазақ па.?Қазақ болса өз ұлтының қамын ,өз ана тілін неге ойламайды.Билік қолымда деп білгенін істеуге болмайды ғой.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар