Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

Қазақстан Азаматтық альянсының бұрынғы президенті, қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды. Марқұмның әріптестері қайғылы ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Нұрлан Ерімбетов ем қабылдау үшін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жатқызылған еді. Аталған медициналық орталықтың мәліметінше, ол бүгін түнде бақилық болды.

Айта кетсек, Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы 1960 жылы 28 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында білім алған.

Ерімбетов әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Отан» саяси партиясының хатшысы, «Отан» партиясының төраға міндетін атқарушысының хатшысы, «Арна» АҚ вице-президенті, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мәдени фронт» ұйымы басқармасының төрағасы болып қызмет еткен. «Астана» телеарнасындағы «Ашық студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының авторы және жүргізушісі болды.

Сондай-ақ, 2013 жылдың сәуірі мен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін – «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, 2017 жылдың 31 наурызынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ омбудсмені болды.

Нұрлан Ерімбетов «Құрмет» орденімен марапатталған.

Марқұмның артында жұбайы мен, екі ұлы қалды.

Оқи отырыңыз:

Астана тұрғыны электр қуаты үшін 13 миллион теңге қарызданып қалды

Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы қарамағындағыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан

Алматыда үш әйелді өлтіріп, ағзаларын кесіп алған қанішердің ісі сотқа тапсырылды

ОҚО әкімі 7 жасар баланың ауылдастарымен кездесті  

Талқылау