Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қобдалық іздеуде жүрген террористің өз қорасына қалай тығылып қалғаны жайлы айтты

Қобда тұрғынының Ақтөбеден келген таныстары үйіне бір күн түнеп шығуға рұқсат сұраған, ал таңертең үй иесінің сарайынан терроризм бойынша күдіктінің бірі ұсталған.

қобда

Жантас Сүндетовты таң азанмен жергілікті полиция бөлімшеге шақырған. Сөйтсе тұрғынның ауласындағы сарайдан іздеудегі күдіктінің бірі ұсталыпты, деп жазады  aktobenews.kz.

«7 маусым күні біздің танысымыз Гүлім қызымен бірге үйге келген болатын. Олар бұған дейін біздің ауылда тұрған, ол келіншек менің әйеліммен бірге бір жерде жұмыс істеген. Олар 2012 жылы Ақтөбеге көшіп кетті. Гүлім маған «Біз Қобдаға қайта көшіп келетін болдық. Жалға берілетін пәтер іздеп жатырмыз. Бүгінше сіздің үйіңізде қонатұрсақ» деді. Біз оларды кіргізбей қоя алмаймыз»,-деген Жантас Сүндетов.

Артық ештеңе ойламаған үй қожайындары қонақтарын үйге кіргізіп, дастарханға барларын қойып күткен.

«Таңғы сағат алтыда полиция қызметкерлері келіп, ұйқымыздан оятты. Мені бірден тергеуге алып, сарайға тығылып қалған адам жайлы сұрады. Мен  бұл туралы мүлде білген жоқпын.Оны көрген де жоқпын. Мен қайдан білейін Гүлімнің күйеуі олармен бірге келіп сарайда тығылып жатқанын. Олар бізге айтпастанмұны әдейі жасаған. Мұндайларын білгенде тіпті үйге кіргізбес едім»,-дейді  Қобдалық Сүндетов.

Жантас Сүндетов полиция бөлімшесінде өзінен басқа тағы бірнеше отбасы үйіне жасырын кірген қонақтар бойынша тергеуге алынған.

«Біз қазақылыққа саламыз да келген қонақтан күдіктенбейміз ғой. Енді басыма тиіп отыр. Олардың бір зияны тиіп кетуі мүмкін еді ғой»,-дейді тұрғын.

Ақтөбедегі террорлық шабуыл 5 маусым күні болған еді. Қанды қақтығыстың салдарынан  жеті адам мерт болды, отыз сегізі  зардап шекті. Оқиғаға күдікті  алты адам іздестірілуде.

 

Талқылау