ҚМДБ жыныс ауыстыруға байланысты шығарылған пәтуаны жариялады

Сейсенбі, 12 Қаңтар , 2016 12:10

Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Демократияны алға тартқандар өз қалауларына қоғамның дұрыс қабылдауын талай мәрте сұрап та жатыр. Осыған байланысты ҚМДБ шариғи тұрғыдан өз жауабын берген еді.

ывапро

Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды.

Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Осыған байланысты ҚМДБ Құран аяттарынан мысалдар келтіреді.

«Жыныстық мүшені ауыстыру – Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Себебі, мұндай сорақы іс-әрекет Ібіліс шайтанның діттеген мақсатына кіреді. Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді»,- дейді бірінші жауапта.

Екінші жауапта шариғаттан мысал келтірілген.

«Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты», – деген.

Бір жыныстылардың бас қосуы  пайғамбарлар заманында да болған екен.

«Мұндай жыныстық өзгертулер ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашады. Ал шариғатымыз мұндай сорақы істі харам еткен. Ер мен ердің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы – Лұт пайғамбардың дәуірінде жасалған азғындықтың жалғасы»,-деген мысал келтіріледі.

Дүниежүзілік мұсылман Лигасына қарасты Ислами Фиқһ Академиясы өзінің он бірінші отырысында осы мәселе жөнінде: «Аталық жыныс мүшелері толық жетілген ер кісінің немесе аналық жыныс мүшелері толық жетілген әйелдің жыныс мүшесін қарсы тараптың жыныс мүшесіне ауыстыруы – харам іс. Бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам жазаға лайық болады. Өйткені бұл іс Алланың жаратқан жаратылысын өзгерткенмен тең», – деген шешім шығарған екен.

Шариғат бойынша ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйелдің жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы – харам болып есептелінеді. Әрі үлкен күнәлардың бірі.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар