Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ Алматыда салынып жатқан зәулім үйдің кімге тиесілі екенін айтты (видео)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында желіде тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді. Видеода белгісіз ер адам Алматының «Таулы қырат» ықшамауданында салынып жатқан зәулім үйді көрсетіп, оның бұрынғы Бас мүфти Ержан қажыға тиесілі екенін айтады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ҚМДБ Алматыда салынып жатқан зәулім үйдің кімге тиесілі екенін айтты (видео)

Өз кезегінде ҚМДБ аталған видеоға қатысты пікір білдіріп, ондағы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Бұрынғы мүфти Ержан қажының үй салып жатқаны туралы түсірілген видео жалған болып табылады. Салынып жатқан үй белгілі кәсіпкерге тиесілі. Ол қажет болған жағдайда мұны растай алады. Ержан қажы өз жұмысының кезінде міндеттерін адал атқарды. Оның басқаруымен көптеген игі іс жасалды», – дейді ҚМДБ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, Ержан қажы Малғажыұлы 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстанның Бас мүфтиі болды.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен қырып салған ер адамға қатысты істің анық-қанығы белгілі болды

Үлкен Алматы өзенінің суы неліктен қызыл түске боялғаны белгілі болды

Әйелімнің жалақысы жақсы, баланы өзім қараймын: Елімізде декретке шығатын азаматтар көбейіп барады

Ақтауда қыз бен жігіт теңіз жағасында жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті

Талқылау