Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Астанада түнгі клубтан шыққан күй із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

денесі-табылды

«26 маусым сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны таныды», делінген хабарламада.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне орай жасалынған қылмысқа байланысты басқа да мәліметтер жарияланбайды.

Еске сала кетсек, 9 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағымданған.

Бұған дейін кәсіпкер бойжеткенді клуб алдынан алып кеткен таксишіге іздеу жарияланған еді.

Талқылау