Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клиентке таласып қалған қос қытайлық фирма “бульдозерлер шайқасын” ұйымдастырды (видео)

Оқиға Қытайдың Хэбэй провинциясында болған. Екі бәсекелес құрылыс фирмасы клиенттерге таласып қалып, бір-біріне бульдозерлер арқылы қарсы шығып айқасқан.

159

Сурет groskran.ru

Бұл туралы newsera.ru хабарлайды.

Оқиға 17 сәуір күні Синтан ауылында орын алды. Үлкен жүк көліктері арқылы “соғысқан” тараптардың әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары айыптаған. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алып, кем дегенде екі көлік аударылып қалған.

Сенімді дерек көздерінің мәліметі бойынша, қос фирма бір клиентке бола осындай қатал әрекетке жол берген. Қазіргі таңда бұл іспен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр.

Талқылау