Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клиентке таласқан: Түркістан облысында фермерлер арасында атыс болып, бір адам көз жұмды

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы ауылдардың бірінде фермерлер арасында дау туып, соңы атыспен аяқталды. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жараланды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Клиентке таласқан: Түркістан облысында фермерлер арасында атыс болып, бір адам көз жұмды

Фото: Устинка

7 қыркүйек күні Шардара аудандық РОВД-ның кезекшілік бөліміне ауылдағы егістіктердің бірінде орын алған атыс туралы хабарлама келіп түсті.

“Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер диқандардың клиентке таласып, жанжалдасқанын, ұрыс кезінде қару қолданғанын анықтады. Нәтижесінде зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша “Адам өлтіру” бабы бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарланды ІІД баспасөз қызметінен.

Жедел іздеу шаралары барысында полицейлер Түркістан облысының екі тумасын күдікті ретінде қамауға алды. Олардың бірінен аңшы қаруы табылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау