Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кличко Тайсоннан таяқ жеп қалды

Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиндық боксшы Владимир Кличконы ұпай санымен жеңіп,  IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Tyson-Fury-1

Бұл туралы STAN.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күні Дюссельдорфта өткен жекпе-жек 12 раундтың қорытындыларымен британдықтың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жазбаларының есебі: 115-112, 115-112, 116-111.

39 жастағы Кличко мен 27 жастағы Фьюридің жекпе-жегі 24 қазанда Дюссельдорфта өтуі тиіс еді, алайда украиндық боксшының жарақат алуына байланысты ұрыс кейінге қалдырылған болатын, деп жазады

Кіші Кличконың есебінде 68 ұрыстан 64 жеңіс (53-і – нокаутпен), ал Фьюридің есебінде 25 ұрыстан 25 жеңіс (18 нокаутпен) бар. Владимир Кличко соңғы рет 2014 жылғы сәуірде жеңіліс тапты. Онда WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайыста украиндық боксшы бес раундтан кейін техникалық нокаутпен американдық Лаймон Брюстерге жол берген еді.

Талқылау