Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚХДР ғарышқа өз зымыранын ұшырды

6 ақпан күні жергілікті уақытпен ҚХДР билігі ғарышқа спутниктік зымыран тасығышын ұшырғанын хабарлады. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне қарсылық білдіріп, талқылауды бастап кетті.

606x340_323496

Сурет euronews.com сайтынан алынды

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

ҚХДР билігі телеарналар мен радио арқылы орбитаға “Кванменсон -4” зымыран тасығышының сәтті ұшырылғанын жария етті. Ұшыру жергілікті уақытпен таңғы 9-да жүзеге асқан. Ғарыш аппараты кеңістікке 9 минут 45 секундтан соң жеткен. Бұл туралы солтүстік кореялық БАҚ хабарлады.

Зымыран Сохэ полигонынан ұшырылған. Ол ел астанасы Пхеньяннан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Тиісінше, Қытай шекарасынан да алыс емес. Оның аумағы алты мың шаршы шақырымды құрайды.

ҚХДР зымыраны бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Олардың үшеуі Жапониядан 2 мың шақырым жердегі Сары теңіз бен Тынық мұхитына құлаған.

Зымыранда тағы да төртінші бөлім болған. Ол не радар көзіне түспей қалған не болмаса ұшуды әрі қарай жалғастыра алған. Зымыранның ұшырылуы әлемдік қауымдастықта үлкен дау тудырды. Жапония билігі ҚХДР-ға қарсы санкция салу туралы ұсыныс білдірген. Алайда, нақты қандай жаза сұрағандары белгісіз. Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе де осыған ұқсас ұстаным білдіруде.

Өз кезегінде, Пхеньян БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қаулысын бұзды деп айыпталуда. Ресей сыртқы істер министрлігі де зымыранның ұшырылуына қатысты пікір білдірді. “Солтүстік Корея тарапы БҰҰ халықаралық қауымдастығына қайшы әрекетке барып отыр”, – делінген министрлік хабарламасында.

Мәселені АҚШ пен Оңтүстік Корея талқыға салмақ.

Талқылау