Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ ауылдарындағы бассейн желі қолданушыларын еріксіз таң қалдырды

Қазақстанда ауылдарда қысқа мерзімде салып шығуға болатын ерекше бассейн пайда болды. Ал бағасы әрі кетсе мың теңге ғана болмақ. Бұл полиэтиленді қаптаманың құнына тікелей байланысты.

басссс

Полиэтиленді бассейндер осы жаздың хитына айналмақ. Бұл керемет демалыс аймағын жасау үшін, күрекпен аз ғана еңбек етуге тура келеді. Әрі қарай шұңқырға полиэтиленді қаптама төселеді. Енді тек су құйып, оны күн сәулесінің қыздырғанын күту ғана қалады. Бұл туралы Инстаграмдағы EAP_KZ парақшасында жарияланған.

“Кешке қарай су температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Бұл нағыз рахат. Мұндай бассейнде әсіресе ауыр жұмыс күнінен соң жату керемет әсер сыйлайды. Әрі онда қаладағыдай хлор араласпаған, таза су. Барлығы физика заңдылығына байланысты”, – дейді сондай бассейннің пайдаланушысы Ақмола облысы, Арықты ауылының тұрғыны Сәбит Боқашов.

Егер мұқият әрі ақырын қимылдаса, бассейннің рахатын ұзақ уақыт сезінуге болады екен. Мұндай бассейндер еліміздің оңтүстігінде де көбейген. Сондай өнертапқыштың бірі жариялаған сурет Инстаграмда 14 мыңнан астам лайк жинаған. Суретке пікір қалдырған қолданушылар еріксіз таңқалыстарын білдірген.

“Тек кірпіш басқа құлап кетпесе болды”, – деп жазыпты бір қолданушы. Басқасы “егер сен теңізге барғың келмесе, осылайша саған теңіздің өзі келетіндей етіп жаса” деп жазды.

Талқылау