Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеп Ахметова “Шаншар” театрын қатаң сынады

Атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшыларын қатаң сынады.

Zejnep-Ahmetova

Бұл туралы Baistars.kz хабарлады.

Зейнеп Ахметова, ең алдымен, әзіл-сықақ театры мен кинолардағы әйел рөлін сомдайтын актерлерді сынады. «Айта-айта шаршадым, бірақ тағы айтамын» деп бастады сөзін тәлімгер-жазушы. «Теледидарды қосып қалсам «Шаншардың» көрінісі болып жатыр. Бір кемпір сөйлеп жатыр, ол кемпір емес, жігіт екен. Байқайсыздар ма, біздің қазақтың жігіттері қатын болуға әуес болып алды? Іштерінде бірдеңе түртіп тұрады. Солардың бір бәлесі бар. Әйтпесе дардай ер азамат неменеге сонша әйел болуға тырысады? Басына орамал салып, үстіне көйлек киіп… Әйелдердің рөлін сомдайтын әйелдер, келіншектер құрып қалды ма? Үп-үлкен ер-азаматтар әйел болуға құмар болады да тұрады. Ырбыңдайды да тұрады. Соны керемет келістіріп те жатқан жоқ», — деп тәлімгер-жазушы мұның барлығының қоғамға кері әсерін тигізіп жатқанын тілге тиек етті.

Содан кейін «Шаншар» театры қойған бір көрініс қазаққа жат екенін айтты. «Бір шалдың үш келіні сахнаға атып шығады. Бір келін қайын атасын мойнына мінгізіп алған. Екі келіні қасында үшеуі шауып келе жатыр. Сөйтсе шалдың туған күні екен, соған сюрприз жасағандары. О заманда, бұ заман, келіннің мойнына мінген қазақтың шалын көрдіңдер ме? Оқымаған, сұмырай шалды көрдіңіздер ме? Жоқ! Сұмырай шалдың өзі келіннің мойнына отырмайды. Қазақтың келіні қайын атасының кебісіне аяқ сұқпаған, ененің төсегіне отырмаған. Ата-ененің алдынан кесіп өтпеген», — деп ашынды.

Зейнеп Ахметова бұдан соң театрдың басшыларын қатаң сынға алды. «Соны көрген кішкентай қыздар қалай қабылдайды? Дүниенің бәрін білетін Уәлибек Әбдірайымов соған келгенде неге білмей қалды? Немесе Жүсіп, сақалы аузына түскен еркек, немере сүйіп отырған. Солар неге айтпайды? Мынау біздің салтымызға оғаш нәрсе деп. Мынау қазаққа қиянат болады, басқаша күлдірейік. Ит болып үрейік, шошқа болып қорсылдайық, бірақ мынаны істемейік деуге болады ғой. Намыс жоқ! Намысымызды жоғалтып барамыз. Намыс жоқ жерде ұлттық қасиеттеріміз де жоғалады!» — деді Ахметова.

Талқылау