Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда шығатын журнал бір санын Олжас Сүлейменовке арнады

Түркиядағы Еуразия Жазушылар қауымдастығының ай сайын шығаратын «Кардеш Калемлер» атты көркем әдеби журналының биылғы жылдың 3-ші саны қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке арналды.

Түркияда шығатын журнал бір санын Олжас Сүлейменовке арнады

Журналға ақынның өлеңдері мен сұхбаттары, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевтың, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Қасейіновтың, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Омароғлының және тағы басқа түрік ғалымдарының мақалалары енді.

Материалдарды жинақтап, түрік тіліне аударған Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі, аудармашы-жазушы Мәлік Отарбаев. Ақынның өлеңдерін түрік тіліне тәржімалаған белгілі әзербайжан ақыны Мәмет Ысмайыл.

Бұдан бұрын «Кардеш Калемлер» журналы қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Аронұлына, ақын Қасым Аманжоловқа, жазушы Бердібек Соқпақбаевқа, жазушы Шерхан Мұртазаға бірнеше санын арнаған болатын.

Талқылау