Қызымды өледі деп қорқытты: Қазақстандық әйел ресейлік емшіге миллион теңгеден астам ақша төлеп алданып қалды

Екібастұз тұрғынын бірнеше жылдан бері ресейлік алаяқтардың ісі мазалап келеді. Айтжамал Қуанышбаев жалғыз қызын емдеу үшін емшіге барған. Оған миллион теңгеден көп ақша төлеп, қызының денсаулығын жақсарта алмаған, деп хабарлайды КТК.

Қызым өледі деп қорқытты: Қазақстандық әйел ресейлік емшіге миллион теңгеден астам ақша төлеп алданып қалды

Полиция істі тексергенде емшілер тағы да ақша төлеуін сұраған. 

Айтжамал Қуанышбаев қартайғанда бойжеткен қызының күтіміне қараймын деп еш ойламапты. Қызының оң жақ денесі мен беті тартылып, талмасы ұстап қалады. 39 жастағы Айсұлуға 2-топтағы мүгедектігін берді. Ал, диагнозын айта алмады. 

"Астанадағы нейрохирургиялық орталық қомақты ақша төлегенде де диагнозды табамыз деді. Бірақ таба алмады. Бұл ауру Айсұлу күйеуінен ажырасқан соң басталды", - дейді анасы. 

Дәстүрлі медицинаның күші жетпеген соң анасы ресейлік емшіге жолығады. Магиялық ем қымбат тұрады.

"Олар мені қорқытып, егер ақшаның бәрін төлемесе, қызымның өлетінін айтты. Менің немерем бар. Соған әсер ете ме деп қорықтым. Сегіз сеансы үшін 1 млн 2 мың теңге төледім. Бірақ Айсұлу оңалған жоқ", - дейді анасы. 

Полицейлер алаяқтық бабымен тергеу бастады. Үш жыл өткенімен әлі нәтиже жоқ.   

"Қазір бұл іске қатыстылардың кім екені анықталып жатыр. Сондай-ақ, заң көмегін көрсету туралы ратификацияланған келісімге сәйкес, Ресей Федерациясына халықаралық тапсырыс жіберілді", - дейді Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.

Полиция департаментінде барлық мүмкіндікті жасағанын айтты. Емшілер сөйлескен телефон нөмірлері өшірулі. Ал, Айсұлуға көмек көрсетуді ұсынып, тағы ақша сұраған алаяқтар да бар. Олар емшіге төлген ақшаны қайтарып беру үшін 120 мың теңге төлеуін сұраған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр