Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордадағы әуе апаты: Бұл Қазақстандағы бірнеше әскери қызметкер қаза тапқан екінші оиқға

Бұл әуе апатынан бірден он шақты әскери қызметкер қаза тапқан еліміздегі екінші қайғылы оқиға. 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның бәрі қаза тапқан еді.

Қызылордадағы әуе апаты: Бұл Қазақстандағы бірнеше әскери қызметкер қаза тапқан екінші оиқға

Олардың 20-сы  әскери қызметкер, 7-еуі  экипаж мүшелері болатын. Ал, осы жылдың басынан бері республикамызда  осымен екінші мәрте тікұшақ апаты тіркеліп отыр, деп хабарлайды Евразия.

Жалпы кейінгі жылдарды саралайтын болсақ, Қазақстанда вертолеттердің түрлі себептерге байланысты апатқа ұшырау оқиғалары ара-тұра болып тұрады. Әріптесім Айбек Қосан тікұшақ апаттардың хронологиясын еске түсірді. 

Көпшіліктің қабырғасын қайыстырған бір оқиға 2016 жылдың 27 қаңтарында тіркелген еді. Ол кезде Алакөл ауданынан ауырған баланы Талдықорғандағы ауруханаға жеткізу үшін әуеге көтерліген тікұшақ діттеген жеріне жете алмай, орта жолда құлаған болатын. Борттағы пилот, дәрігер, фельдшер, науқас баланың өзі және анасы, барлығын қосқанда 5 адам қаза тапты.   

Тағы бір тікұшақ апаты 2017 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында болды. Апаттан кейін бір тәулік өткен соң Аягөз қаласынан 60 шақырым қашықтықта әуе кемесінің қираған бөліктері табылды. Әуе көлігінің апатынан ұшқыш оқиға орнында жан тапсырған. Ал, бортта отырған Аягөз аудандық мәслихатының депутаты жеңіл жарақаттанған болатын. Марқұмның Алматы қаласының тұрғыны Петр Устинов екені анықталған еді. Ауған соғысының ардагері еліміздің шекара қызметінде жұмыс істеген. Марқұмның артында екі қызы қалды. 

МИ-8 тікұшағы осыдан 2 жыл бұрын Ақтөбе облысында да апатқа ұшырады. Оның ішінде 4 адам отырған еді. Абырой болғанда ол кезде барлық борттағы адамдар аман қалған.  

2017 жылдың қыркүйек айында Ақмола облысыда Ми-2 тікұшағы жерге қона бергенде істен шығып, салдарынан техника түгел жанып кеткен болатын. Борттағы пилоттар аздаған жарақат алып, техниктің денесі күйіп қалған болатын. Бұл жолы да сәтін салғанда тікұшақта болған барлық азамат тірі қалды. 

Елорда маңында болған Ми-17 әскери тікұшағының қирауы әлі күнге көпшіліктің есінде болар. 2012 жылдың 22 тамызында таңғы 8-де оқу-жаттығу жасау  үшін көкке көтерілген әуе кемесі сол беті аэродромға қайтып оралмады. Апат салдарынан бортта болған 4 адам көз жұмды. Еске салайық, бұл тікұшақ та Қорғаныс министрлігіне тиесілі еді.  

Жуырдағы Алматыдағы қайғылы оқиға да жүрт жадында. Осы жылдың 17 қаңтары. Алатаудың бөктерінде тікұшақ апатқа ұшырап, пилот қаза тапқан болатын. Кейін марқұмның Валентин Шитов деген азамат екені анықталды. Оның әріптестері тікұшақтың құлағанын ести сала оқиға орнына жеткенше асыққандарын айтса, Алатау шипажайының маңындағы үйлердің тұрғындары бәрін өз көздерімен көрген. 

«Гуілдеген қозғалтқыштың дауысын есітіп сыртқа шықсам, тура төбемнен ұшқан тікұшақты көрдім. Қозғалтқыштың қуаттылығын сөзбен айту қиын. Он минуттай айналып жүрді. Содан кейін құлаған қатты дыбыс естілді. Меніңше, ол төменнен емес, жоғары тау жақтан ұшып келгендей болды», - деді куәгер.

Қазақстандағы ең жоғарғы дәрежелі ұшқыштардың қатарына кіретін Шитовтың әріптестері оның  қателік жасауы мүмкін еместігін айтқан еді. Өйткені, екі күннің бірінде дәл осы тікұшақпен ұшып, алдына кедергі болған талай құсқа да дрондарға да қарсы тұрғанын айтқан болатын. Қалың тұман да апатқа еш қатысы жоқ, дейді. Өйткені, ұшар алдында ауа-райын қадағалапты.

«Менде тек бір ғана нұсқа бар. Ол техниканың ақау болуы мүмкін. Валентиннің денсаулығы дейтіндей ол комиссиядан уқытында өтті. Мүмкін тікұшақтың бір құрылғысы сыр берді. Немесе дрон деген бәле бар», - деді марқұмның әріптесі Игорь Медведев.

Бұл көпшіліктің есінде қалған, БАҚ өкілдері тарата жазған оқиғалар. Әрбір тікұшақ апатынан кейін жауапты органдар тексеріс жүргізіп, «мұндай жағдайды болдырмас  үшін  барымызды саламыз» деген мәлімдеме жасайтын. Ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген екінші қайғылы оқиғадан соң қандай шара қолға алынатынын уақыт көрсетеді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр