Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада күйеуі әйелін ұрып, баласымен көшеде қалдырған

Қызылордада күйеуі әйелін өлімші етіп сабап, оны баласымен көшеге тастап кеткен. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі "Не Молчи" қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фондтың таратқан ақпараты бойынша, түн ішінде ер адам әйелін қайын енесі мен жеңгесінің көзінше ұрып-соққан. Содан кейін әйелді төрт жасар қызымен бірге көшеде қалдырған.

"Түнгі бірлер шамасы болатын, анасы жартылай есін жоғалтқан күйде аурухана түсті. Полиция ешқандай көмек бере алмады, әйелден алынған COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетіп тұр. Ол вакцина алғанына қарамастан жанына ешкімді кіргізбейді. Бала болса қазір жәбірленушінің анасымен бірге", – деп хабарлады қордағылар. 

Қызылорда полиция бөлімі 17 шілдеде учаскелік инспекторлар тексеру жүргізгенінің нәтижесінде жәбірленушіге дене жарақатын салған жұбайы анықталғанын хабарлады. 

"Жәбірленушінің өтініші бойынша учаскелік инспекторлар құқық бұзушыдан қорғану бұйрығын шығарды. Қазіргі таңда азаматшаға медициналық мекемеде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Медициналық мекемеден шыққаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша құқық бұзушы қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", – деп түсініктеме берді полиция.   

Талқылау