БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Апат орнынан 10 адамның мүрдесі табылды

Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақ құлаған жерден 10 адамның денесі табылды. Сот-медициналық сарапшылардың мәліметінше, жақын уақытта марқұмдарды тану процедурасы басталады, деп хабарлайды КТК арнасына слітеме жасап Stan.kz.

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Апат орнынан 10 адамның мүрдесі табылды

Қызылорда облысында тікұшақ құлаған аумақ қоршауға алынған. Сарапшылар бір тәуліктен бері тікұшақтың бөлшектері мен марқұмдардың денесін іздестіріп жатыр. 

«Мүмкіндігінше сараптама жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта аяқтап қалдық. Көптеген бөлшек табылды. Сараптама жүргізіп, марқұмдарды тануды мүмкіндігінше жүргіземіз. Тексеруді әрі қарай жалғастыра береміз», - дейді Қызылорда облыстық сот-медициналық сараптама институтының директорының орынбасары Рахымжан Әліп.

Қайғылы оқиға орын алған ауданға марқұмдардың туыстары келуде. Олардың ішінде қаза тапқан капитан Сырым Мәсәлімнің әкесі Мәлкей Иманғалиев бар. Ер адам апаттан бірнеше сағат бұрын ұлымен сөйлескенін айтады. Ұлыммен соңғы рет сөйлесіп тұрмын деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.

«Оның қазасы туралы түнде хабарлады. Әлі де сене алмай отырмыз. Ол бала күнінен әскери қызметкер болуды армандайтын. 2007 жылы әскери институтты тәмамдап, Ақтауға жіберілді. Сенбеймін, сене алмаймын. Ол жерде не болуы мүмкін?» - дейді Мәлкей Иманғалиев. 

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. "Алтын Жебе" атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр