Қызылорда облысында тікұшақ құлады: Апат орнында түсірілген видео пайда болды (видео)

Кеше, 27 наурызда, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. Куәгерлер оқиға орнын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz.

Қызылорда облысында тікұшақ құлады: Апат орнында түсірілген видео пайда болды (видео)

Facebook желісіндегі Kokshetautoday тобында апатқа ұшыраған тікұшақтың видеосы жарияланды. 

Видеода құлаған тікұшақтың өртеніп жатқаны көрінеді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, оқиға кешкі уақытта орын алса да, күннің әлі жарық екенін көруге болады.

 

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. "Алтын Жебе" атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, апат орнына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр