Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кетті

30 cәуір күні, Қызылорда облысының Қазалы ауданында көшеден тастанды нәресте табылды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол баланы қоқыс жәшігінен тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп.

Бүгінгі таңда облыс полициясы осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің «Баланы қауіпке ұрындыра отырып, тастап кету» бабы бойынша тергеу амалдарын бастап кетті.

Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеге орналастырылды, жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ, сәбиін тастаған көкек ана да көп ұзамай анықталған.

«Бүгінгі күні, полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іздеу жұмыстарының нәтижесінде сәбиін тастап кеткен күдікті анықталып, ұсталды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр