Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қызық болады": Петропавлда беттен шапалақпен тартып жіберуден жарыс өтеді

Петропавлда бейтаныс адамдар жиналып, бір-бірінің бетінен шапалақпен тартып жібермек. Алайда бұл төбелес емес, қалада, жалпы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыстың аясында өтеді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Петропавловск.news» басылымына сілетеме жасап хабарлайды. 

Ерекше жарыс 8 маусымда қаладағы №26 мектептің маңында өтеді. Мұндай идеяның авторы – жергілікті тұрғындары Әділхан Шоқанов пен Сергей Швец. 
Жарыстың бірінші кезеңінде адамдар бір-бірінің бетінен шапалақпен тартып жіберсе, бір аптадан кейін өтетін келесі кезеңінде пенальтиден жарыспақ. Артынша басқа да шаралар өткізіледі. Жастар әзірге оның мән-жайын айтпады. Тек «қызық болады» деумен шектелді.

«Қазіргі уақытта мұндай жарыстар үлкен танымалдыққа ие болған. Сондықтан қаламызда осындай жарыс ұйымдастыруды ұйғардық. Жарыстың нақты ережелерін ойлап таптық, әлеуметтік желілерде топтар құрдық», - дейді Әділхан. 

Сергейдің айтуынша, шапалақпен тартып жіберуден жарыстың ережелері қарапайым. 

«Біріншіден, қатысушылардың бәрінің жасы 18-ден асқан болуы тиіс. Екіншіден, бетінен шапалақпен тартып жібергенде алақаны емес, саусақтары тиюі тиіс. Бұл ешкім жарақаттанбас үшін. Ал жекпе-жек 5 кезеңнен тұратын болады. Солардың нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталады», - дейді Сергей. 

Ұйымдастырушылардың жоспарынша, жарыс кезінде сол маңда медицина қызметкері болады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр