Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қартайғанда әке-шешені қыз бағады": Еркебұлан Дайыровтың екінші перзенті дүниеге келді

Жуырда ғана «Балуан Шолақ» фильмінде басты рөлді сомдаған Еркебұлан Дайыров екінші мәрте әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Қызы Кәусардан кейін Дайыровтың жары Ләйлә актерге екінші перзентін сыйлады. Аллаға шүкір еткен өнер иесі жарына алғысы шексіз екенін жеткізді. 

«Аллаға шүкір, екінші мәрте ата-ана атандық, барша тілекші болған жандарға, алғысым шексіз. Ләйлә Тілеуова жарадың, жаным. Ерекең енді екі қыздың әкесі, тәубә!» - деп жазды Еркебұлан Дайыров.

Дайыровтың шаңырағына шаттық сыйлаған ақмаңдайлы аруға барша жұрт бақыт тілеп, әкесі мен анасының көз қуанышы болуға нәсіп етсін деп ниет білдірді.

«Еркош досым, кішкентайдың бауы берік болсын! Қыздың орны бөлек. Қаратайғанда "әке шеше " деп тұратын да қыз. Артынан ұл қыздар ере берсін», «Құтты болсын! Кішкентай нәрестенің бауы берік болсын. Ата-анасының көз қуанышы болсын. Анасының денсаулығы мықты болсын» деп жазды актердің жақындары. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр