Қыз ұзатқан "Жігіттер" тобының әншісі желіде қызу талқыға түсті (видео)

Айдар Тұрғанбек көне қазақ дәстүрін жаңғыртпақ ниетте. "Жігіттер" тобының әншісі жақында өсиет әнін жаздырып, қыз ұзатуға кіріскен. Сері ұзату тойларының ханшайымына айналған Жазира Байырбековаға бәсекелес бола ала ма? Бұл туралы Stan.kz жазады. 

"Қазақтың барлық қызы менің қарындасым, сондықтан осы "Қарындасқа тілек" деген әнді жаздым, дәстүр бойынша баяғыда қарындасын өсиет айтып ағасы ұзатқан екен, сол дәстүрді жаңғыртып жатырмын. Алла қарындастарымызды бақытты етсін", - деп бөлісті Айдар ұзату тойдан видео жариялап. 

Ұзатылар қыздарға арнап ән жазу бұрыннан бергі мақсатым, - дейді Айдар. 

Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Айдардың бастамасын қолдап, біздің қыз да сіздің қолдан ұзатылса деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ, ер азаматтың қыз ұзатқаны ерсі көрінеді деп пікір қалдырғандар да табылды.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр