Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық ер адам сынып қалған қолжуғышты кеспемен жөндеп, желіде танымал болды (видео)

Желіде қытайлық ер адамның сынып қалған қолжуғышты құрғақ кеспенің көмегімен «жөндеген» видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайлық ер адам сынып қалған қолжуғышты кеспенің көмегімен жөндеп, желіде танымал болды (видео)

Видеодан блогердің құрғақ кеспені қолжуғыштың сынып қалған жеріндегі ойыққа салып, оған дәмдеуіштер сепкені көрінеді. Артынша ол желім жағып, кеспенің қажетті пішін беріп, бетіне лак себеді. 

Роликтің авторы – қытайлық Douyin қосымшасының Xiubandrng лақап есімді қолданушысы. Ол өз видеоларында жиһаз, музыкалық аспаптар мен көліктерді жөндеп, көбінесе бұл мақсатта толтырғыш ретінде тағамды қолданады. 

Xiubandrng-тің видеоларына қарағанда, сонымен қатар ол жұмыртқа, печенье мен шылымды қолданады. 

Сынған затты жөндеудің мұндай әдісі желі қолданушыларын тәнті етті. Сонымен қатар олар видеоға қатысты әзілдеп жатты.

«Оның ыстық суды қосқанын күтіңіздер, содан кейін қолжуғыш тамаққа айналады», - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Xiubandrng-тің өз роликтерін жариялап жүргеніне бірнеше ай болған. Алайда ол енді ғана әлемдік танымалдыққа ие болды. 
 

Талқылау